Хабарландырулар, комитет жиналысы хаттамалары - Босақов орта мектебі https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/ ru Хабарландырулар, комитет жиналысы хаттамалары - Босақов орта мектебі DataLife Engine № 5 Хаттамасы (көшірме) https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/185--5-hattamasy-kshrme.html https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/185--5-hattamasy-kshrme.html      «Ж.Бусаков  атындағы  орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының


№ 5 Хаттамасы (көшірме)


Қатысқаны: Мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, мектеп мейірбикесі, қамқоршылық кеңестің төрайымы, ата-аналар комететі мүшелері.


 Өткізілген күні  17.01.2023ж

 Қатысқандар: 100 

Күн тәртібінде:

1.ІІ тоқсан қорытындысы  \Г.Нурғожаева\

2. «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбеисі» \М.Санакова\

3.«Зиянды заттан аулақ болу» (дәрігерлік кеңес) \А.Булатбекова\

4. «Заң бұзушылық неге әкеліп соғады?» құқық бұзушылықтың алдын алу \Д.Умбетбеков\

5. «Қамқорлық» акциясы \А.Абдуллаева\

6. Түрлі мәселелер 


Тыңдалды:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Джолдасова жиналыста қаралатын мәселелермен  таныстырып, залдың психологиялық ахуалын реттеу мақсатында сөз кезегін мектеп психологі Мадина Бағдатқызына берді. 

Мектеп психологі М.Бағдатқызы жиналысқа келген ата-аналарға  ұйымдастыру жаттығулары мен «Стикермен» жаттығуын жасатып, ата-аналарға жақсы көңіл-күй сыйлады. 

Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурғожаева ІІ тоқсан қорытындысы бойынша есеп берді. Мектептің жалпы білім сапасы 63%. 1-4 сыныптар арасында төменгі білім сапасын көрсеткен 2 б,в-61%, 4б- 61%, 4ә- 58,8% . 5-9 сыныптар арасында 5ә – 60%, 5а- 58%, 6а- 58%,   7б- 60%, 8б- 55%, 9ә- 61,1%, 9б-60%; 1-11 сыныптар арасында төменгі білім сапасын көрсекен сыныптар жоқ. Жоғарғы білім сапасын көрсеткен 1-4 сыныптар арасында 2а-64,7%, 3ә- 66%, 3в-65%, 4в- 65%; 5-9 сыныптар 5в-64,7%,  5б- 64%, 6б-65%, 7а-65%, 8а-66%, 8в-64%; 10-11 сыныптар 10а- 72,7%, 10ә, 11б-69%, 11а, 11ә-66%, 10б-64% көрсеткішпен аяқтадық. Жалпы оқушы саны- 780.  

Екінші мәселе бойынша мектеп психологы М.Санакова  «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбеисі» тақырыбында баяндама оқыды. Қыз баланың ары мен абыройы, бүкіл елдің абыройы мен ары. «Қызға қырық жерден тыйым, қырық үйден қарауыл» деп қыздың таза пәк күйінде бойжетіп, жаман аттан аулақ болуына мән берген. Әрбір қыз балаға ата-анасын туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан,нәзік ару шығары сөзсіз.

Қыз тәрбиесіне әлеуметтік желінің әсері туралы айтар болсақ, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан. Ол ол ма, тіпті осы әлеуметтік желі арқылы танысып, отбасын құрып жатқандар немесе осы әлеуметтік желінің кесірінен шаңырағы шайқалып жатқандар да бар. Психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ғаламтор, ұялы телефон, желі байланыстарының әсері өте үлкен. Балалар кішкентайынан дамыту, сергу ойыншықтарына емес, ата-анасының ұялы телефонына, айпадына ұмтылуда. Алғашында ол балаға жай бір жарық беретін, жылжитын, не сурет көрсететін зат сияқты қабылданса, кейіннен қызығушылығы тек бір сол темірге ғана байланады. Бұл баланың дүниетанымының дамуына, қоршаған ортаны сезіп білуіне, иіскеп тануына, айналадағы құбылыстарды сезнуіне кедергі жасайтынын айтып өтті.

Келесі мәселе бойынша  мектеп мейірбикесі А.Булатбекова «Зиянды заттан аулақ болу» тақырыбында ата-аналарға кеңсе беріп өтті. Зиянды заттарға нелер жататын, олардың алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде жастар арасында электронды темекіні қолдану белең алып бара жатқаны, жастардың әуестігі артып отырғанына тоқталды. Балаларды  қадағалап, үнемі бақылауда ұстауын айтып өтті. Балаларды сабаққа жіберген кезде тазалығына көңіл аудару, қыз балалар шаштарын өріп, ұл балалар шаштарын қысқартып, мектеп талабына сай формамен келуін айтты. 


Төртінші мәселе «Заң бұзушылық неге әкеліп соғады?» тақырыбында құқықтық тәрбие менеджері Д.Умбетбеков құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, аудан бойынша бір жыл көлемінде кемелеттік жасқа толмаған 22 жасөспірім жасаған қылмыстарына тоқалды.  Атап айтқанда 1 - автокөлікті заңсыз емдену, 1-тонау, 1- 16 жасқа толмаған жыныстық қарым-қатынасқа түсу, 19- ұрлық  жасалды. Ұрлық жасағандардың 1-уі мектеп оқушысы, 8-і колледж студенті, 3-уі жұмыссыз жасөспірім. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 127 баппен- ата-ана, 442 баппен- 540 хаттама толтырылған. Роддомға 22- қыз бала жүктілікпен тіркелген. Суицид оқиғасы -2 (1 аяқталған). Жылдан жылға жасөспірімдер арасында қылмыс саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан ата-аналар балалардың телефонын үнімі тексеріп, қандай әлеуметтік желілері, қандай сайттарға кіріп жатқандығын біліп отыруы қажет екендігін айта кетті. 


Келесі мәселе бойынша әлеуметтік педагог А.Абдуллаева «Қамқорлық» акциясының жүргізілуі бойынша есеп беріп өтті. 

Шолақай ауылындағы амбулатория азаматтарының демеушілігімен көп балалы, аз қамтылған,   отбасыларынан шыққан 15 білім алушыға оқу құралдары берілді. «Айналайын-ай» балабақшасының иесі Көншібаева Турсын Нұрмұхаметқызы көп балалы отбасынан шыққан Құлжабай Аңсар мен жартылай жетім отбасы Мухаметжанова Мархабаны түгелдей мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім, мектеп сумкасы,  оқу құралдарын алып берді.

Талды ауылдық округ әкімі Қуанышбай мырза көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушы Құлжабай Аңсарға мектеп формасын мен аяқ киімін алып берді. Балауса пән бірлестік мұғалімдері көп балалы отбасыларынан шыққан Нұрбай Сұңғат пен Алимов Нурфатқа мектеп формасы жағынан көмек берді. Словесник пән бірлестігі аз қамтылған отбасынан шыққан Ирданов Руфатты мектеп формасын, Қаламгер пән бірлестігі Аширова Гульназды мектеп формасымен қамтыды. Келесі ерікті демеушілер Атамұра пән бірлестігі аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 8А-сынып білім алушысы Бейсен Елнұрды спорттық киім мен қамтыды.Шолақай ауыл ақсақалдары аз қамтылған отбасынан шыққан Ахмоллаева Мехринисаны спорттық киім, спорттық аяқ киім және оқу құралдарымен қамтыды. Мектепке жол акциясы барысында барлығы  67-білім алушыға мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім, спорттық аяқ киім, оқу құралдарымен көмек көрсетілгені туралы мәлімет беріп өтті.

Сөйлегендер:  Ақшаева Жансая оқушылардың үй тапсырмасын орындауын, күнделікті қадағалап, сабағына уақытында жіберу ата-ананың міндеті және де мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, мұғалімдерің еңбегі зор екенін айта кетті.

Абайдуллаева Аидам ата-аналар жиналысы жақсы көңіл-күймен, түрлі ойын жаттығулары арқылы,   жаңашылдықпен  өткізіліп жатқанына көңілі толып, мектеп әкімшілігіне өз ризашылығын білдірді. Мектепте ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар мен кездесулерде жоғары деңдейде өткізіліп отыратынына тоқталды. 


Қаулы етті:

1.Төменгі білім сапасын көрсеткен сыныптарға ата-аналардың сабаққа қатысуын жандандыру сынып жетекшілерден сұралсын.

2.Отбасында баланың әлеуметтік желілерді пайдалы жағына пайдалануын қадағалау ата-аналарға жүктелсін.

3. Әлеуметтік мәртебесі бар білім алушылдарға берілітін көмекті жалғастыру, есебін жалпы ата-аналар жиналысында беріп отыру әлеуметтік педагогтан талап етілсін.

4.Сабақ барысында оқушылардың мектеп формасымен келуі, сабақтан себепсіз қалмауы, телефон алып келмеуі ата-аналардан сұралсын.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар                Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                  Ә.А.Сарыбаева

]]>
admin Tue, 17 Jan 2023 23:33:27 +0600
Мектепте 5-8 сыныптың жалпы ата-аналарына жиналыс өткізілді. https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/214-mektepte-5-8-synypty-zhalpy-ata-analaryna-zhinalys-tkzld.html https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/214-mektepte-5-8-synypty-zhalpy-ata-analaryna-zhinalys-tkzld.html Қаралған мәселелер:
1. Жаңа жыл мерекесінің өткізілуі
2. Жалпы мерекелерде ата-аналардың ақша жинамауы
3. Мереке күндері балалардың қауіпсізігін қамтамасыз ету.
4. Мектептің температуралық режімі
5. Түрлі әлеуметтік желілерге жалған ақпарат таратпауы
6. Ата-аналардың сабақтарға, мектепішілік шаралаға қатысуы.
7. Оқушылардың ыстық тамақпен, әлеуметтік көмекпен қамтылуы

]]>
admin Wed, 14 Dec 2022 00:44:30 +0600
№ 4 Хаттамасы (көшірме) https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/184--4-hattamasy-kshrme.html https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/184--4-hattamasy-kshrme.html «Ж.Бусаков  атындағы   орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының


№ 4 Хаттамасы (көшірме)


Қатысқаны: Мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, қамқоршылық кеңестің төрайымы, ата-аналары комитеті.


Өткізілген күні 08.12.2022ж

Қатысқандар: 350 


Күн тәртібінде:

1.Жаңа жыл мерекесінің өткізілуі

2. Жалпы мерекелерде ата-аналардың ақша жинамауы.

3. Мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

4.Мектептің температуралық режимі.

5.Түрлі әлеуметтік желілерге жалған ақпарат таратпау.

6.Ата-аналардың сабақтарға,мектепішілік шараларға қатысуы.

7.Оқушылардың тәртібі,тазалығы,мектеп формасымен келуі туралы.             

8. Оқушылардың ыстық   тамақпен, әлеуметтік көмекпен қамтылуы


      Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры З.М.Жалтанбаева сөз алып  биылғы жылы Жаңа жыл мерекесі өткізілетіні туралы, оқушыларға  Шырша мерекесі ұйымдастырылатыны туралы айтып өтті. Бірақ мереке күндері оқушылардың топталып отыруына, кештер ұйымдастыруына, кафелерге баруына қатаң тыйым салынатынын ескертті. Сонымен бірге түрлі мақсатта ақша жинауға да тыйым салынатынын, мереке күндері кешкі рейд жүретінін айтып, балалардың түнгі уақытта көшеге шықпауын қадағалауды тапсырды. Мереке күндері балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналарына жүктелетінін, сонымен қатар, мектептің температуралық режимі туралы да айтып өтті. Мектепте жылу бірқалыпты беріліп тұрғанын, суық кабинеттердегі сыныптардың жылы кабинеттерге  ауыстырылғанын айтты.

                Мектеп директоры З.М.Жалтанбаева ата-аналарға түрлі әлеуметтік желілерге жалған әрі анықталмаған ақпараттарды таратпау керектігін айтты. Жалған ақпараттар таратқан адамдар заң алдында жауапқа тартылатыны ескертілді. Егер мектепке байланысты түсінбеген бір жағдайлар  болса, алдымен мектепке келіп жолығып, анығын білу керек. Әр түрлі алып қашпа әңгімелерге сене беруге болмайтынын ескертті.

     Сонымен қатар,  ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен, пән мұғалімдерімен

тығыз байланыста жұмыс  істеп, сабақтарға қатысып отырса, балалардың тәртібі де түзеліп, жауапкершіліктері де артатынын айтты. Ата-аналарды мектепішілік іс-шараларға тарту жұмысы жүргізіліп жатқанын, сондықтан ата-аналардың  да белсенділік танытып, ұйымдастырылып жатқан жұмыстарға қатысуы керектігін түсіндірді.

    Келесі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Б.Джолдасова оқушылардың тәртібі мен мектеп формасына тоқталып өтті. Оқушылардың мектеп ережесіне сай киініп, тәртіп пен тазалықты сақтап жүруіне бәрі атсалысуы   керек екенін, әсіресе, бала тәрбиесінде ата – аналардың жауапкершілігі зор екенін айтып өтті. Ата-аналарға сабаққа оқушылар телефон алып келмеу, кешкі уақытта балалары қастарында үйде болуы, сынып жетекшілер есеп сұрағанда баламыз үйде деп жалған мәлімет бермеуін ескертті.

      Құқық тәрбие менеджері Д.З.Үмбетбеков сөз алып, мектептегі тәртіптің жолға қойылғаны туралы, алайда сабаққа кешігіп келу фактісі әлі де бар екенін айтты. Осы мәселеде де  ата-аналар тарапынан үйде  бақылау керектігіне тоқталды.

Соңғы мәселе бойынша мектеп директоры З.М.Жалтанбаева оқушылардың ыстық  тамақпен, әлеуметтік көмекпен қамтылуы жайлы, ата- аналардың осы көмекке байланысты құжаттарын өз уақытында жинап, мемлекеттен алатын көмекті дұрыс пайдалану керектігін ескертті. Әлеуметтік педагог құжаттар жинаған кезде ата-аналар жауапкершілікпен қарап, құжаттырын уақытында өткізуін талап етті.


Сөйлегендер: 

Р. Зламдинова:  Бүгінгі жиналыста қаралған мәселелердің бәрін қолдаймын. Мереке күндері балаларымыздың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікті аламыз. Шырша мерекесін ұйымдастырғаны дұрыс деп ойлаймын,өйткені ауылдық жерлерде балалардың барып демалатын жерлері жоқтың қасы. Ал мұндай іс-шаралар балаларды ұйымшылдыққа, көпшілік арасында өзін ұстауға үйретеді деп ойлаймын.

      Қ. Ахмоллаева:  Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан ата – аналар балаларымыздың   біліміне, тәртібіне, тазалығына көңіл бөліп, олардың   сабаққа кешікпеуін қадағалауымыз керек. Балалардың болашағы өз қолымызда екенін естен шығармайық!


Қаулы етті:

1.Мереке күндері оқушылардың өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігі ата-аналарына жүктелсін.

 2.Түрлі әлеуметтік желілерге жалған, анық емес ақпараттарды таратпау бойынша

  айтылған ескертулер назарда ұсталсын.

 3.Ата-аналардың  сабақтарға, мектепішілік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету

   сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінен сұралсын.

  4.Оқушылардың сабаққа кешікпеуін, мектеп формасымен келуін бақылауда ұстау

   ата-аналарына жүктелсін.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар                Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                  Ә.А.Сарыбаева





































]]>
admin Thu, 08 Dec 2022 23:32:32 +0600
№ 3 Хаттамасы (көшірме) https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/183--3-hattamasy-kshrme.html https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/183--3-hattamasy-kshrme.html    «Ж.Бусаков  атындағы   орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының


№ 3 Хаттамасы (көшірме)


Қатысқаны: оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, арнайы маман, мектеп мейірбикесі,  қамқоршылық кеңестің төрайымы, барлық сыныптың ата-аналар комитеті


 Өткізілген күні 01.11.2022ж

Қатысқан ата-аналар саны: 120

Күн тәртібінде:

 1.  І тоқсан қорытындысы /Оқу ісі жөніндегі орынбасарлар Г.Нурғожаева/

2. Отбасында қатыгездікке жол жоқ! /Мектеп психологы Ш.Ахумуллаева/

3. «Тұмау және жіті реператорлық вирустық жұқпалы аурулар» туралы түсінік жұмыстары /Мектеп мейірбикесі А.Булатбекова/

4. «Дені сау ұрпақ –ел болашағы» мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы. /Әлеуметтік педагог А.Абуллаева/

5.Арнай педагог қандай баламен жұмыс жүргізеді? таныстырылым /Арнайы маман М.Акбасова/

6. Түрлі мәселелер (күзгі демалыс және техника қауіпсіздігі ) /Тәрбие ісі жөн.орынб./


Тыңдалды:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Джолдасова жиналыста қаралатын мәселелермен таныстыры, жиналысты ашты.

Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурғожаева І тоқсан қорытындысымен таныстырды. І тоқсан қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы 61,6% болып отыр. Ең төменгі білім сапасын 6- сынып, жоғарғы білім сапасын 8-сынып оқушылары көрсеткенін айтып өтті.

Келесі мәселе бойынша  мектеп психологы Ш.Ахумуллаева отбасындағы қатыгездік, зорлық-зомбылық туралы түсінік беріп,  ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, көңіл –күйді тұрақтандыру   мақсатында «Менің эмоциям» атты тақырыпта мінез-құлық ойын жаттығуын жүргізді. Жаттығу барысында ата-аналардың көңіл-күйіне және эмоциясына байланысты суретті тесттер жүргізіліп, соған байланысты қорытынды шығарылды.

Үшінші мәселе бойынша мектеп мейірбикесі А.Булатбекова қазіргі кезеңде тұмаудың өршіп тұрғандығы, ауырған балалардың міндетті түрде ауылдық амбулаторияға барып тіркелуін, уақытында емделу керектігін түсіндірді. Тұмау кезінде балаларда құсу, іш ауыруы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тамақтың қырнау белгілері болатынын, алдын алу шараларын уақытында жүргізуін және де сабақ кезінде ауырған болса,  сабаққа анықтамамен келеуін айтты. Оқушылар сабақты себепсіз тастауға

Төртінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог «Дені сау ұрпақ –ел болашағы» мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы есеп беріп өтті.

Тамыз айының соңында білім бөлімінен 94 білім алушыны тегін ыстық тамақпен қамтуға рұқсат берді. Стандарттық бес категория бойынша білім алушыларды жаңадан тізімдедім. 

  1. міндетті түрде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасы балалары
  2. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
  3. жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
  4. қиын жағдайда қалған отбасы балалары
  5. қамқоршылықкеңеспенкөмеккеқосылғанбалалар

Осы бес категория бойынша қамқорлық кеңес төрайымы Г.Садыкова, ата-аналар комитет төрайымы Ғ.Бакиева мектеп директоры З.М.Жалтанбаева, ДТІЖО С.Маметов және Л.Джолдасова, әлеуметтік педагог А.Т.Абдуллаева комиссия құрамын құрып 94 білім алушыларды толтырдық. 

            Шешім бойынша 

1-4 сыныптар (І кезеңде 27, ІІ кезеңде 33)   60 білім алушы 418теңгелік, 5-8 сыныптар (І кезеңде 13, ІІ кезеңде 18) 34 білім алушы 496теңгелік тегін ыстық тамақпен қамтылды. 

Әлеуметтік жағдайы бойынша жартылай жетім 6, көп балалы 14, қамқорлықта 3, аз қамтылған 71 былым алушы қамқоршылық кеңес мұшелерінің шешімі мен тізімге алынды. 

            Жалгер  С.Т.Садыкованың өз есебінен 10 білім алушы ыстық тамақпен қамтылды. 

            Күнделікті ыстық тамақ уақытына мұғалімдерді кезекшілікке қойдық. Ал балалардың тамақ ішіп немесе келмеген балалардың орнына кірген оқушыларды әлеуметтік педагог белгілеп отырады.  Ал аптасына бір рет мектеп директорымен бекітілген комиссия мүшелері АКТ жүргізіп отырады, яғни бекітілген меню бойынша тамақ беріліп жатқанын, санитарлық талапқа сай немесе сай еместігін, балалардың тамақты ұақытылы ішіп жатқанын бекітілген құрам бойынша АКТ жүргізіліп анықтама жазылады. 

            Мектепте 700 ден жоғары оқушы оқып және әлеуметтік статустағы білім алушылардың көп болғандығынан аудандық білім бөліміне, бала санын қосып беру үшін сұраныстар беріліп қойғыны туралы мәлімдеме жасады.


Сөйлегендер:  Көп балалы ата-ана  А.Қасенова ыстық тамаққа қосымша оқушыларды қай уақытта қосатынын сұрады. Бір үйден бір бала ғана емес, жоқ дегенде екі баласы ыстық тамақпен қамтылса деген ұсыныс айтты.


Келесі мәселе бойынша мектептің арнайы маманы М.Ақбасова ең алдымен дефектолог қандай маман деген сұраққа толып өтті. Дефектологог маман ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін ең жақсы дос және кеңесші. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар білім алушылармен мектеп дефектологі жұмыс жүргізеді.  Дефектолог маман жалпыға бірдей білім беру бағдарламасын меңгере алмай, сыныптастарынан кейін қалап, оқудан, жазудан, математткалық таспырмаларды орындаудан қиналатын және де үлкендердің көмегін қажет етітін білім алушымен жұмыс жүргізетінін түсіндірді.  Арнайы маман оқушыны зерттеп, жақын арадағы даму аймағын тауып, сол бойынша жұмыс жасайды.  Биылғы оқу жылында 7 білім алушы ОПМПК қорытынды анықтамасымен және 1 оқушы психологиялық педагогикалық қолдау отырысының шешімімен есепке алынды. Оқушы жас ерекшелігіне қарай білім беру бағдарламасын меңгеруден қиналса ата-ана дабыл қағып, мұғалімге, болмаса мектеп дефектологына хабар беруі керек екенін айтты.


Сөйлегендер: 3-сыныптың ата-анасы А.Мыханова дефектолог маман мен лопопед маманның айырмашылығы қандай екенін сұрады.


Қаулы етті:

  1. Төмінгі білім сапасын көрсеткен сыныптардың сабақтарына ата-аналардың қатысуын жандандыру сынып жетекшілерден талап етілсін.
  2. Білім алушылардан «Тұмау және жіті реператорлық вирустық жұқпалы аурулар» туралы жазба жұмыстары алынсын. 
  3. Күзгі демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі ата-аналарына тапсырылсын.





Мектеп директоры                 З.М.Жалтанбаева


   Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар                 Л.Б.Джолдасова


   Хатшы                       Ә.А.Сарыбаева

]]>
admin Tue, 01 Nov 2022 23:31:38 +0600
№ 2 Хаттамасы (көшірме) https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/182--2-hattamasy-kshrme.html https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/182--2-hattamasy-kshrme.html «Ж.Бусаков  атындағы   орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының


№ 2 Хаттамасы (көшірме)


Қатысқаны: Шолақай ауылдық округ әкімі, білім бөлімінің әдіскері, мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңестің төрайымы, барлық сыныптың ата-аналары.


 Өткізілген күні 20.10.2022ж

Күн тәртібінде:

  1. «Сәлемдесу» ойыны.   «Бағдаршам» жаттығуы. Мектеп психологі М.Бағдатқызы
  2. «Бала қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі» тақырыбындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байлынысты жүргізілген іс-шаралар есебі. ДТІЖО С.Турсынжанұлы
  3. Заң алдындағы жауапкершілік туралы ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық кодекстен үзінділер. Құқықтық тәрбие менеджері Д.Зияшұлы
  4. « Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Назарбайқызы
  5. Қорытынды сөз. Мектеп директоры З.М.Жалтанбаева

Тыңдалды:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Джолдасова жиналыста қаралатын мәселелермен және де келген қонақтарды таныстырып, бала тәрбиесі туралы сөз сөйледі.

Мектеп психологі М.Бағдатқызы жиналысқа келген ата-аналар мен қонақтарға сәлемдесу ойынын өткізіп, «Бағдаршам» жаттығуын ойнатты. Жаттығу бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Баланың жан дүниесіне көбірек көңіл бөлу, сырласу, әрқашан баланың ойын тыңдау, ішкі жан дүниесіне көбірек көңіл бөлу керектігі туралы кеңестер айтылды.

Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Маметов «Бала қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі» тақырыбындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байлынысты қыркүйек, қазан айларында жүргізілген іс-шаралар есебін беріп өтті.  Бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты мектебізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылып отырады. Атап өтсек ата-аналар мен мұғалімдерге өткізілген жиналыстар, оқушылар арасындағы құқық юұзушылықтың алдын алуға байланысты түсінік жұмыстары, түрлі байқаулар мен шаралар, кездесулер, бала қауіпсіздігіне байланысты кешкі рейдтер ұйымдасытырылып жатқандығы айтылды. «Аналар» мен «әкелер» мектебі жобасы да бала тәрбиесі бойынша жұмыс жүргізіп, ата –ана, оқушы, мұғалім арасындағы үштіктің жұмысын жандандыру мақсатында  жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті. 

Үшінші мәселе бойынша құқықтық тәрбие менеджері Д.Зияшұлы сөз алып ата-аналардың және жасөспірімдердің  заң алдындағы жауапкершілігі жайлы түсінік жұмыстарын жүргізді.  «Заңды білу заман талабы» әкімшілік құқық бұзушылық кодексі жайлы түсіндірді. 127 -бап ата-аналар немесе басқа да заңды –өкілдердің   балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттері, 131- бап кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мас күйінде ұсталуы, 134- бап ұсақ бұзақылық т.б сияқты мәселелерді ата-аналарға ескертті. 

            Келесі мәселе бойынша білім бөлімінің әдіскері А.Назарбаевна «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада бала қауіпсіздігі, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, баланың бос уақытын тиімді пайдалануы, қайда, кіммен араласып, дос болып жүруіне көңіл бөлуі, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауы, баланы үйден ұзатпай, үнемі қадағалауда ұстап,  дұрыс тәрбие беру жайлы баяндады..

            

Мектеп директоры З.Жалтанбаева жиналысты қорыта кетті. Жиналыста қаралған құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептің ішкі ережесі, ұл бала, қыз бала тәрбиесі жайлы да ескертті. Кешкі рейдке ата-аналардыңда шығуы, сабақтан балалардың себепсіз қалмауы, әлеуметтік көмек түрлері, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік жасау туралы да ескертпе жасап өтті. Сонымен қатар мектептегі жалпы оқушы саны  783 оқушы, олар 401 отбасының балалары, 103  көпбалалы отбасындағы балалар, толық және толық емес, ерекше білім беруді қажет ететін балалар туралы да түсіндірме жүргізді.  

Сөйлегендер: 

Шолақай ауылдық округінің әкімі  А.Арсаламов сөз алып, өз сөзінде:қоғам өзгермесе адам өзгермейтінін айтып, ауызбіршілік пен ынтымақтастықта болуға шақырып, балаларды кешкі уақытта қараусыз қалдырмау жайында ескертті. Ауылымызда болып отырған түрлі оқиғалар ата-аналардың жауапкершілігінің жоқтығынан, бала тәрбиесіне немқұрайлы қараудан орын алып жатқандығын айта кетті. Алдағы уақытта ата-аналарға баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Л.Батанқызы ата-аналарға балаларын сабаққа уақытында жіберуін, себепсіз сабақ тастамауын, мектеп талабына сай формамен шаш үлгісімен келуін және де сабаққа телефон алып келмеуін ескертті. Бала тәрбиесі бәрімізге ортақ  басты міндет екендігін айта келіп, жиналысты қорытындылады.



Қаулы етті:

  1. Балалардың өмір қауіпсіздігі жауапкершілігі ата-аналарға жүктелсін.
  2. Сабақ барысында оқушылардың мектеп формасымен келуі, сабақтан себепсіз қалмауы, телефон алып келмеуі ата-аналардан сұралсын.
  3. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық орын алған жағдайда ата-аналары заң алдында жауапкершілікке тартылсын.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар                Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                  Ә.А.Сарыбаева





]]>
admin Thu, 20 Oct 2022 23:30:23 +0600
№ 1 Хаттамасы (көшірме) https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/181--1-hattamasy-kshrme.html https://bosakov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/181--1-hattamasy-kshrme.html «Ж.Бусаков  атындағы   орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  өткізілген ата-аналар комитетінің жиналысының


№ 1 Хаттамасы (көшірме)

Қатысқаны: Шолақай ауылдық округ әкімі, қамқоршылық кеңес төрайымы, АІІБ- нің қызметкері, мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, барлық сыныптың ата-аналары. 


Күн тәртібінде:

1.Жаңа оқу жылына арналған жалпы ата-аналар жиналысының жылдық жоспарын бекіту.

2. Жалпы ата-аналар төрайымымен комитетінің мүшелерінін құру,  жұмыс жоспарын бекіту. 

3. «Қазіргі таңдағы жасөспірімнің тәрбиесі»  және   бала құқықтары мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары. 

 \Мектеп психологы Санакова Мадина Бағдарқызы\

4.  Әлеуметтік мәртебесі бар балаларға арналған көмек түрлері.   

\Әлеуметтік педагог Абдуллаева Аида Турсунжанқызы\

5. «Келім шарт»   мектеп пен ата-ана арасындағы келім шартпен таныстыру.  \Құқықтық тәрбеи менеджері Умбетбеков Досымжан Зияшұлы\

6. Түрлі мәселелер


Тыңдалды: 

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Л.Джолдасова жаңа оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, бекітілді. Жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы мен комитет мүшелерін жиналыс барысында дауысқа сала отырып бекітті.

Жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы болып Бакиева Ғания Мирзахметқызы,

комитет мүшелері Жекелей Салима, Асанова Зумрат, Қалдыбаева Зарина, Ахмуллаева Калбинур сайланды.

Мектеп психологі М.Бағдатқызы заман ағымының үздіксіз дамуымен бірге адамдардың мінез-құлқы да күн сайын өзгергендігіне және таңдауы да, талғамы да бөлек жастардың тәрбиесі қандай болатынын тілге тиек етті. «Әке көрген оқ жанар, шеше  көрген тон пішер» деп дана халқымыз кезінде айтқан, қазіргі таңда көп жастарымыз бала тәрбиесіне емес, жұмысқа көп көңіл бөлуде, осының салдарынан жасөспірімдердің бұзақылық әрекеттерге баруы немесе ерте кезінен ана атануы,қараусыз қалуы,барлық іштегі сырының айтылмай «жалғыз» қалуынан депрессияға ұшырап, өзіне қол жұмсауы тізе берсек, жалғаса беретін ұзақ тізбек. Бұл мәселенің шешімі бар екендігіне тоқталды. Мысалы бір түйінді шешудің екі түрлі жолы бар: бірі-қайшымен қию екеншісі - сол түйінді қалай болса да қолмен шешіп алу. Бірі оңай, бірі- қиынырақ. Көбіне жастарымыз ең оңай жолын таңдап жас өмірге балта шабуда. Бұдан шығатын қорытынды: Баланы о бастан дұрыс бағытта тәрбиелеу керек. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін кішкентайынант ұрыс арқылы емес, саналы түрде жеткізе білсе, бала соны сол қалпында қабылдайтынын айтып өтті. Сондықтан балаға ашулы түрде ұрыспен жеткізген сөз ол ережені бұзса, депрессияға шалдығып,қателігін мойындауға қорқа бастайды. Бәрі  осылай түйінделе-түйінделе үлкен шешілмес мәселеге айналады, сондықтан ата-ана балаға үнемі психологиялық қолдау көрсетуі қажет, кез – келген қауіптің алдын-алу үшін ерекше көңіл бөлу қажет. Жасөспірім бала - жаңа өсіп келе жатқан бұтақ. Оны қалай баптасаң солай өседі, сондай жеміс береді. Сондықтан ата-ана жасаған әрбір жасаған қимылыңыз - сіздің берген  тәрбиеңіз екенін ұмытпаңыз. Бала-ата-анасының айнасы. Ата-ана қалай тәрбиелеп қалай бағыттайды, бала солай қарай ұшады. Сондықтан бала тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлуіміз қажет екендігіне тоқталып өтті. Сөзді қорытындылай келе «Сенім жәшігі және сенім телефоны» туралы ата-аналарға түсінік беріп сөзін аяқтады.

Сөйлегендер: Қалдыбаева Зарина психолог маманның айтқан кеңестерін қолдай отырып, ата-аналардың балаларымен жиі әңгімелесіп, олармен дос ретінде сырласып отырса бала өтпелі кезеңнен қиындықсыз өтетінін, әсіресе қыз балалардың физиологиялық дамуында өзгерістер болғанда олар тұйықталып, ішкі сырын ешкіммен бөлісе алмай депрецияға ұшырап жатады. Сондықтан да мектептегі «Сенім» жәшігіне ата-анасына айта алмаған сырын психологпен бөліссе, маман оған дұрыс бағыт беріп, баланың өзін-өзі бағалауына, болашағына бағыт-бағдар беріп қолдау көрсететінін айтып өтті.


Келесі мәселе бойынша әлеуметтік педагог мәртебесі бар білім алушыларға берілетін көмек түрлері туралы түсінік жұмыстарын беріп өтті.

           Жыл сайын Жалпыға міндетті білім беру қорынан әлеуметтік жағдайына байланысты оқушыларға киім-кешектер таратылып келеді. Биылғы оқу жылында аудандық білім бөлімі тарапынан Жалпыға міндетті білім беру қорынан көмек  30 білім алушылардың киім өлшемдерін  сұралды.

            Атаулы аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі 30 білім алушының ата-аналарынан киім өлшемдері сұралып, төмендегі кестеге сәйкес  қыз балаларға – 13,  ұл балаларға – 17 мектеп формасына сұраныс берілді. 24 тамыз күні  8 қыздың мектеп формасын алдым, 8 ата-ана өздері тізімдегі балаларымен келіп формаларын алды. Формаларды қамқоршылық кеңес төрайымы Г.Садыкова, ата-аналар комитеті Г.Маткаримова, әлеуметтік педагог А.Абдуллаевамен бірлесіп тараттық. Барлық білім алушыларға ақ жиделері тұра келді, сол мөлшердегі мектеп костюмы кәдімгідей үлкен болып қалды. Ата-аналар түсіністікпен қарап бір-бірлерімен ауыстырып алды. 

            1 тамыз  “Мектепке жол” акциясы  басталды. Мектепке жол акциясының  комиссия құрамы бекітіліп, бұйрығы жасалып, жоспары бекітілді.

 "Мектепке жол" акциясының басталғаны туралы  әлеуметтік желіге хабарландыру жарияланды. Хабарландыру берудегі мақсатымыз: Әлеуметтік қорғалмаған балаларды қорғау мақсатында "Мектепке жол" акциясына ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерді тарту. Биылғы жылы "Мектепке жол—Шекарасыз жақсылық" атты ұранымен өткізіледі. 

Мақсаты: Әлеуметтік қорғалмаған, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.                                 

Осы орайда, 1-онкүндік қарсаңында Шолақай ауылындағы амбулатория азаматтарының демеушілігімен көп балалы, аз қамтылған,   отбасыларынан шыққан 15 білім алушыға оқу құралдарын алып берілді.

Ауылдағы «Айналайын-ай» балабақшасының иесі Көншібаева Турсын Нұрмұхаметқызы көп балалы отбасынан шыққан Құлжабай Аңсар мен жартылай жетім отбасы Мухаметжанова Мархабаны түгелдей мектеп формасы, спорттық киімі мен аяқ киімін, мектеп сумкасымен бірге оқу құралдарын алып берді.

Талды округ әкімі Қуанышбай мырза көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушы Құлжабай Аңсарды мектеп костьюмы, аяқ киімі мен қамтыды.

2-онкүндік қарсаңында «Балауса» пән бірлестік мұғалімдері көп балалы отбасыларынан шыққан Нұрбай Сұңғатпен Алимов Нурфатқа мектеп формасы жағынан көмек берді.

«Словесник» пән бірлестігі аз қамтылған отбасынан шыққан Ирданов Руфатқа мектеп формасы, «Қаламгер» пән бірлестігі Аширова Гульназды мектеп формасымен қамтыды .

3-онкүндік барысында келесі ерікті демеушілер «Атамұра» пән бірлестігі аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 8А-сынып білім алушысы Бейсен Елнұрды спорттық киім мен қамтыды.

Шолақай ауыл ақсақалдары аз қамтылған отбасынан шыққан Ахмоллаева Мехринисаны спорттық ким, спорттық аяқ киім және оқу құралдарымен қамтыды.  

3-онкүндік бойынша барлығы   21 оқушыға   көмектер көрсетілді.   Мектепке жол акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады, осы уақыт аралығында, әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың мектепке баруына барынша қолдау көрсетіп, қолымыздан келгенше  әлі де демеушілерді тартатынын айтып өтті.

Құқықтық тәрбие менеджері Д.Умбетбеков мектеп пен ата-ана арасындағы келісім шартты таныстырды. Келісім шарт мазмұнында орта білім беру ұйымының міндеттері,  ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің), білім алушылардың міндеттері нақты жазылғанын айтып өтті. Осы келісім шарт негізінде ата-аналарға баласына деген жауапкершілігі, сабақтан тыс уақытта бала өміріне, қауіпсіздігіне және де оқушының білім алуы мен сабаққа кешікпеуі, телефон алып келмеуі, мектеп формасы мен мектепке сай шаш үлгісімен келуі жүктелді. Келісім шарт білім алушы мектеп бітіргенге (немесе 9 сыныптан кейін колледжге түскенге) дейін немесе басқа мектепке ауысқанға дейін шарамды болады. Ата-ана немесе (өзге заңды өкіл) келісім-шартты бұзып, тиісті деңгейде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік  жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.


Сөйлегендер: Шолақай ауылдық округ әкімі А.Арсаламов ауылымызда түрлі келеңсіз оқиғалар орын алуына байланысты, ата-аналарға бала тәрбиесіне мұқият қарауын. Түнгі мезгілде учаскелік инспектор мен ауылдық әкімшілік қызметкерлері, мектеп ұжымымен бірлесе отырып рейдттік шаралар ұйымдастырылады.Түнгі мезгілде балаларды магазинге жібермеуі, бей берекет кешеде жүрмеуі, ойын сауық орталықтарына бармауын ескере кетті. 

Мектепте былтырғы оқу жылында  оқушыларға кәсіптік бағыт – бағдар бойынша әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылғанын, биылғы оқу жылында да осы бағыт бойынша жұмыс жүргізілуін, және де аудандағы зауыттар мен жеке кәсіпкерлер иелерімен, атақты тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруды ұсынды. 


Сөйлегендер: Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Нысанбаев Мақсат Қалибекұлы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет. Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында құықықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермей қоғамның басты міндеті. Бұл мәселе қазіргі таңда  көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Әрбір ата ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Жалпы құқықбұзушылық жасауға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер яғни АПБ- бөлімінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Кейібір ата аналар бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,  мектептен бос уақыттарда немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін алға қойды. Заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00 ден кейін компьютерлік клубтарға отыруға және 23:00 –ден кейін көшеде ата анасының яғни заңды өкілінсіз жүруге тиым салынған. Ювиналдық полиция тобының қызметкерлерімен және мектеп әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау, кәмелетке толмағандардың көп шоғырланатын жерлерді және ойын сауық орталықтарында заңды өкілінсіз жүруге болмайтыны туралы айтып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың  қаңтар-тамыз айларында  түнгі уақытты заңды өкілінсіз яғни ата анасыз түнгі уақытты жүргені үшін ӘҚБтК 442 бабы 2- бөлігі бойынша 405-әкімшілік хатттама толтырылды. Және 442 бабы 1- бөлігі яғни ойын сауық мекемесінде жүргені үшін 21- әкімшілік хаттама толтырылды. Ата ана өз баласына дұырс тәлім тәрбие бермегені үшін 15-әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жасаған қылмыстары бойынша 8жасөспірім 17 қылмыс  жасағаны бойынша АПБ-нің есебіне алынды. Бір жасөспірім кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған аудан аралық соттың үкімімен ҚР-ның қылмыстық кодекісі 188-бабымен кінәлі деп танылып,   1-жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғанын айтып, түсінік жұмыстарын жүргізді.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орыбасары Л.Джолдасова былтырғы тәрбие саласы бойынша  кеткен олқылықтардың орнын толтыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жобаларын жүргіземіз. Жобаның мақсаты ата –ана, оқушы, мұғалім арасындағы үштіктің жұмысын жандандыру болып табылатынын және де бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Ата-аналарға балаларын сабаққа уақытында жіберуін, себепсіз сабақтастамауын, мектеп талабына сай формамен шаш үлгісімен келуін және де сабаққа телефон алып келмеуін ескетті.



Қаулы етті:

  1. Жаңа оқу жылына арналған жалпы ата-аналар жиналысының жұмыс жоспары бекітілді.
  2. Жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы болып Бакиева Ғания, мүшелері Жекелей Салима, Асанова Зумрат, Қалдыбаева Зарина, Ахмуллаева Калбинур сайланды.
  3. «Сенім жәшігі» әр жұма  айын ашылып, хаттарын талдау мектеп психолотарынан сұралсын.
  4. Әлеуметтік мәртебесі бар білім алушылдарға берілітін көмекті жалғастыру, есебін жалпы жиналысында беріп отыру әлеуметтік педагогтан талап етілсін.
  5. Мектеп пен ата-ана арасындағы келісім шарт таныстырылып, балалардың өмір қауіпсіздігі жауапкершілігі ата-аналарға жүктелсін.
  6. Сабақ барысында оқушылардың мектеп формасымен келуі, сабақтан себепсіз қалмауы, телефон алып келмеуі ата-аналардан сұралсын.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


   Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар             Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                 А.Молдахметова










8.09.2022ж



























]]>
admin Thu, 08 Sep 2022 23:28:40 +0600