Ақпарат » Страница 2 » Босақов орта мектебі
Жетісу облысы
панфилов ауданы білім бөлімінің
"Босақов орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ақмаңдайлым"
18
январь
2023
"Ақмаңдайлым"
"Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақтың біртуар өнер иесі , күміс көмей әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына  арналған  "Ақмаңдайлым" атты әдеби-сазды кешін  ұйымдастырушы маман Апукова А.Б және өзін өзі басқару ұйымының мүшелері ұйымдастырды.
"Дара тұлға,дана тұлға"
12
январь
2023
"Дара тұлға,дана тұлға"
"Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  дана халықтың дара перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жылдығына арналған  "Дара тұлға,дана тұлға" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу. Танымдық сабақ барысында Дінмұхамед  Қонаевтың еңбек
"Мамандыққа саяхат"
12
январь
2023
"Мамандыққа саяхат"
"Мамандыққа саяхат" атты тақырыпта 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру  мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Джолдасова Шолақай ауылындағы "Санам" кондитерлік цех жұмысын таныстыруға алып барды. Саяхат барысында цех жұмысының жүргізілуі, тәтті нан өнімдерінің жасалу жолдары таныстырылды. Оқушылар  тәттілерді өздері жасап көріп, цех жұмысына қызығушылықпен қарады.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
30
декабрь
2022
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  31.12-08.01 аралығында оқушылардың қысқы демалысқа  шығуына байланысты  «Қауіпсіз демалыс» тақырыбында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім алушылар мен ата-аналарға жадынамалар мен видеороликтер жіберілді. Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсізідк ережелері ата-аналар мен білім алушылардың чаттарына жіберіліп, таныстырылды. Әрбір сынып жетекіші оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік дәптерлеріне қол қойдырды
«Oiqazan» зияткерлік сайысы
22
декабрь
2022
«Oiqazan» зияткерлік сайысы
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша З.Құрақбаева мен Н.Амрееваның ұйымдастыруымен  «Oiqazan» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
«Жайдарман» көңілді тапқырлар алаңы
22
апрель
2022
«Жайдарман» көңілді тапқырлар алаңы
Мектебіміздің педагог- ұйымдастырушысы Апукова А.Б және оқушы жастар ұйымымен  22 сәуір күні 8-10 сыныптар арасында «Жайдарман» көңілді тапқырлар алаңынан сайыс өткізілді.Сайыстың мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. - Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі 7 минут - Екінші кезең –«5 әзіл» - Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы» 10 минут 1 – орын : 8 «Ә» сынып,2- орын: 9 “Ә» сынып, 3 орын: 8 “Б», «А»
"АКТ  арқылы сабақта әртүрлі ресурстар мен форматтарды пайдалану жолдары"
16
март
2022
"АКТ арқылы сабақта әртүрлі ресурстар мен форматтарды пайдалану
"АКТ арқылы сабақта әртүрлі ресурстар мен форматтарды пайдалану жолдары" тақырыбында Жунусова К.Е бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастыруымен  семинар өткізілді. Мақсаты: Оқу үдерісінде қолданып жүрген инновациалық тәсілдерді әріптестермен бөлісу. Нәтижесінде әріптестер сын тұрғысынан ойлана отырып,  "wooclap", " Lernis", " word wall"-платформаларымен тапсырма құрастырып,сабақта пайдалану тәсілдерін үйренді.
Ерке күнім,келді міне кезегі ертегінің. Сақина
23
февраль
2022
Ерке күнім,келді міне кезегі ертегінің. Сақина
"Ерке күнім,келді міне кезегі ертегінің.Сақина" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Кульзия Есенболатовна 2"Ә" сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында "learning apps", "word wall" платформалары бойынша балалар тапсырмаларды орындай алды. "Раундробин" әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлай отырып,балалар өз ой пікірлерін айтты. "Таймлайнд" әдісі бойынша бақылаушылар білім алушылардың іс-әрекетін бақылап,мониторингісін шығарды.