Жалтанбаева Замзагул Мухаевна » Босақов орта мектебі
Жетісу облысы
панфилов ауданы білім бөлімінің
"Босақов орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалтанбаева Замзагул Мухаевна
09
март
2022

Жалтанбаева Замзагул Мухаевна

Жалтанбаева Замзагул Мухақызы 1966 жылы 26 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келді. Аталған ауылдың мектебінде 8 жыл білім алды.
1981 жылы Кеген орта мектебінің 8- cыныбын аяқтап, Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы педагогикалық училищесін 1985 жылы бітіріп, тұрмыс құрды. Отбасында жолдасы, төрт баласы бар. 1987 жылы Шолақай ауылындағы Ж.Бусаков атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды. Талдықорған қаласындағы І Жансүгіров атындағы ЖПУ 2005 жылы бастауыш әдістемесі бөлімін бітірді.
2021 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тарих мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры дәрежесі берілді.
2014 жылы (3 наурыз – 6 маусым) Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша 464 академиялық сағат көлемінде мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.
2015 жылы «Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту білім беру сапасын басқару ретінде курсы» (72 сағат).
2015 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.
2016 жылы «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша курсы».
2017 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдару басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады.
2017 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім бертін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады.
2019 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады.
2009 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылы оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарды.
2021 жылы мектеп директоры лауазымына тағайындалды.