ХАТТАМА » Босақов орта мектебі
Жетісу облысы
панфилов ауданы білім бөлімінің
"Босақов орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
июль
2022

ХАТТАМА

«Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік    мекемесі кезектен тыс 

қамқоршылық  кеңес отырысының


ХАТТАМАСЫ                                                                                                                                (көшірме)


Уақыты: 29.07.2022ж


Қатысқаны:   Білім бөлімнің бас маманы Қ.М.Тохтасынов, әдіскерлер Д.Р.Сайрамбекова, А.Ж.Ибрагимова, М.Е.Кошегулова, Г.Т.Утепова қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп мұғалімдері. 

КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

  1. 9 – сынып аяқтаған білім алушы Қисабекова Құралай Ерболқызының оқиғасына байланысты түсінік жұмыстарын жүргізу 


ТЫҢДАЛДЫ:

1. Білім бөлімнің бас маманы Қ.М.Тохтасынов өз сөзінде – Шолақай ауылының тұрғыны Қисабекова Құралай Ерболқызының 2022жылы 21 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында құрбысы Шахназдың үйіне барамын деп үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сол күннен бастап тәулік бойы ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдері атпен,  жаяу және көлік пен жақын, алыс жерлерге іздеуге шықты. Бүгін яғни 29 – шілде Қисабекова Құралай Ерболқызының табылуына байланысты ұлт аралық мәселенің ұшығып кетпеуін қатты қадағалауын сұрады. Сынып жетекшілерге күнделікті өз сыныбының оқушыларын, кешкі уақытта көшеге шықпауын, ата-анасының жауапкершіліген арттыруын, кез келген уақытта байланыста болуын, түсінік жұмыстарын жүргізуін айтты.


Сөйлегендер:                                                                                                               

Аудандық білім бөлімінің әдіскері  Д.Р.Сайрамбекова – елімізде бір шаңырақтың астында ұзақ жылдар бойы 130 дан астам ұлт өкілдері бірлесіп тату тәтті өмір сүруде. Сондықтан, елдік ұстанымға сай, еліміздегі барлық этностар арасында достық қатнас орнатып, олардың ауыз біршілікте өмір сүруін, өз ара түсіністіктің орнауы берік қамтамасыз етілген. Осынау аумалы –  өтпелі кезеңде еліміздегі ұлтаралық қарым-қатнасты қолға алу қажеттілігін айтты.

          

Сөйлегендер: 

Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.Садыкова – Ұлттар арасындағы бірлік пен татулық - біздің басты мемлекеттік құндылығымыз. Бұл бір шаңырақ астында тұрып жатқан басқа ұлттардың, басқа дін өкілдері мен этностардың татулығы мен бірлігін көрсетедіШолақай ауылында көп  ұлт өкілдері осы уақытқа дейін тату-тәтті тұрып, достық қарым-қатынастары ешқашан бұзылмай, ауызбіршілікте, ұйымшылдықпен өмір сүріп келеді. Әрине оқушымыздың осындай қиын жағдайда өмірден өткеніне бәріміздің жүрегіміз ауырады. Отбасына, ауыл тұрғындарының қазасына қайғыра көңіл айтамыз. Адам өліміне дейін алып келген оқиға ұлт аралық татулыққа зиянын тигізбеуі керек. Қылмыс жасайтын адам ешкімнің ұлтына қарамайды. Қылмысын жасай береді. Сондықтан ауыл тұрғындарын, еліміздің азаматтарын тыныштыққа, сабырлыққа шақырамын деп сөзін аяқтады.

          


Мектеп директоры                      З.М.Жалтанбаева

Хатшы                                         А.Молдахметова