№ 2 Хаттамасы (көшірме) » Босақов орта мектебі
Жетісу облысы
панфилов ауданы білім бөлімінің
"Босақов орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2022

№ 2 Хаттамасы (көшірме)

«Ж.Бусаков  атындағы   орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының


№ 2 Хаттамасы (көшірме)


Қатысқаны: Шолақай ауылдық округ әкімі, білім бөлімінің әдіскері, мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңестің төрайымы, барлық сыныптың ата-аналары.


 Өткізілген күні 20.10.2022ж

Күн тәртібінде:

  1. «Сәлемдесу» ойыны.   «Бағдаршам» жаттығуы. Мектеп психологі М.Бағдатқызы
  2. «Бала қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі» тақырыбындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байлынысты жүргізілген іс-шаралар есебі. ДТІЖО С.Турсынжанұлы
  3. Заң алдындағы жауапкершілік туралы ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық кодекстен үзінділер. Құқықтық тәрбие менеджері Д.Зияшұлы
  4. « Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Назарбайқызы
  5. Қорытынды сөз. Мектеп директоры З.М.Жалтанбаева

Тыңдалды:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Джолдасова жиналыста қаралатын мәселелермен және де келген қонақтарды таныстырып, бала тәрбиесі туралы сөз сөйледі.

Мектеп психологі М.Бағдатқызы жиналысқа келген ата-аналар мен қонақтарға сәлемдесу ойынын өткізіп, «Бағдаршам» жаттығуын ойнатты. Жаттығу бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Баланың жан дүниесіне көбірек көңіл бөлу, сырласу, әрқашан баланың ойын тыңдау, ішкі жан дүниесіне көбірек көңіл бөлу керектігі туралы кеңестер айтылды.

Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Маметов «Бала қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі» тақырыбындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байлынысты қыркүйек, қазан айларында жүргізілген іс-шаралар есебін беріп өтті.  Бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты мектебізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылып отырады. Атап өтсек ата-аналар мен мұғалімдерге өткізілген жиналыстар, оқушылар арасындағы құқық юұзушылықтың алдын алуға байланысты түсінік жұмыстары, түрлі байқаулар мен шаралар, кездесулер, бала қауіпсіздігіне байланысты кешкі рейдтер ұйымдасытырылып жатқандығы айтылды. «Аналар» мен «әкелер» мектебі жобасы да бала тәрбиесі бойынша жұмыс жүргізіп, ата –ана, оқушы, мұғалім арасындағы үштіктің жұмысын жандандыру мақсатында  жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті. 

Үшінші мәселе бойынша құқықтық тәрбие менеджері Д.Зияшұлы сөз алып ата-аналардың және жасөспірімдердің  заң алдындағы жауапкершілігі жайлы түсінік жұмыстарын жүргізді.  «Заңды білу заман талабы» әкімшілік құқық бұзушылық кодексі жайлы түсіндірді. 127 -бап ата-аналар немесе басқа да заңды –өкілдердің   балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттері, 131- бап кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мас күйінде ұсталуы, 134- бап ұсақ бұзақылық т.б сияқты мәселелерді ата-аналарға ескертті. 

            Келесі мәселе бойынша білім бөлімінің әдіскері А.Назарбаевна «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада бала қауіпсіздігі, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, баланың бос уақытын тиімді пайдалануы, қайда, кіммен араласып, дос болып жүруіне көңіл бөлуі, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауы, баланы үйден ұзатпай, үнемі қадағалауда ұстап,  дұрыс тәрбие беру жайлы баяндады..

            

Мектеп директоры З.Жалтанбаева жиналысты қорыта кетті. Жиналыста қаралған құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептің ішкі ережесі, ұл бала, қыз бала тәрбиесі жайлы да ескертті. Кешкі рейдке ата-аналардыңда шығуы, сабақтан балалардың себепсіз қалмауы, әлеуметтік көмек түрлері, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік жасау туралы да ескертпе жасап өтті. Сонымен қатар мектептегі жалпы оқушы саны  783 оқушы, олар 401 отбасының балалары, 103  көпбалалы отбасындағы балалар, толық және толық емес, ерекше білім беруді қажет ететін балалар туралы да түсіндірме жүргізді.  

Сөйлегендер: 

Шолақай ауылдық округінің әкімі  А.Арсаламов сөз алып, өз сөзінде:қоғам өзгермесе адам өзгермейтінін айтып, ауызбіршілік пен ынтымақтастықта болуға шақырып, балаларды кешкі уақытта қараусыз қалдырмау жайында ескертті. Ауылымызда болып отырған түрлі оқиғалар ата-аналардың жауапкершілігінің жоқтығынан, бала тәрбиесіне немқұрайлы қараудан орын алып жатқандығын айта кетті. Алдағы уақытта ата-аналарға баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Л.Батанқызы ата-аналарға балаларын сабаққа уақытында жіберуін, себепсіз сабақ тастамауын, мектеп талабына сай формамен шаш үлгісімен келуін және де сабаққа телефон алып келмеуін ескертті. Бала тәрбиесі бәрімізге ортақ  басты міндет екендігін айта келіп, жиналысты қорытындылады.



Қаулы етті:

  1. Балалардың өмір қауіпсіздігі жауапкершілігі ата-аналарға жүктелсін.
  2. Сабақ барысында оқушылардың мектеп формасымен келуі, сабақтан себепсіз қалмауы, телефон алып келмеуі ата-аналардан сұралсын.
  3. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық орын алған жағдайда ата-аналары заң алдында жауапкершілікке тартылсын.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар                Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                  Ә.А.Сарыбаева