№ 4 Хаттамасы (көшірме) » Босақов орта мектебі
Жетісу облысы
панфилов ауданы білім бөлімінің
"Босақов орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2022

№ 4 Хаттамасы (көшірме)

«Ж.Бусаков  атындағы   орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының


№ 4 Хаттамасы (көшірме)


Қатысқаны: Мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, қамқоршылық кеңестің төрайымы, ата-аналары комитеті.


Өткізілген күні 08.12.2022ж

Қатысқандар: 350 


Күн тәртібінде:

1.Жаңа жыл мерекесінің өткізілуі

2. Жалпы мерекелерде ата-аналардың ақша жинамауы.

3. Мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

4.Мектептің температуралық режимі.

5.Түрлі әлеуметтік желілерге жалған ақпарат таратпау.

6.Ата-аналардың сабақтарға,мектепішілік шараларға қатысуы.

7.Оқушылардың тәртібі,тазалығы,мектеп формасымен келуі туралы.             

8. Оқушылардың ыстық   тамақпен, әлеуметтік көмекпен қамтылуы


      Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры З.М.Жалтанбаева сөз алып  биылғы жылы Жаңа жыл мерекесі өткізілетіні туралы, оқушыларға  Шырша мерекесі ұйымдастырылатыны туралы айтып өтті. Бірақ мереке күндері оқушылардың топталып отыруына, кештер ұйымдастыруына, кафелерге баруына қатаң тыйым салынатынын ескертті. Сонымен бірге түрлі мақсатта ақша жинауға да тыйым салынатынын, мереке күндері кешкі рейд жүретінін айтып, балалардың түнгі уақытта көшеге шықпауын қадағалауды тапсырды. Мереке күндері балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналарына жүктелетінін, сонымен қатар, мектептің температуралық режимі туралы да айтып өтті. Мектепте жылу бірқалыпты беріліп тұрғанын, суық кабинеттердегі сыныптардың жылы кабинеттерге  ауыстырылғанын айтты.

                Мектеп директоры З.М.Жалтанбаева ата-аналарға түрлі әлеуметтік желілерге жалған әрі анықталмаған ақпараттарды таратпау керектігін айтты. Жалған ақпараттар таратқан адамдар заң алдында жауапқа тартылатыны ескертілді. Егер мектепке байланысты түсінбеген бір жағдайлар  болса, алдымен мектепке келіп жолығып, анығын білу керек. Әр түрлі алып қашпа әңгімелерге сене беруге болмайтынын ескертті.

     Сонымен қатар,  ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен, пән мұғалімдерімен

тығыз байланыста жұмыс  істеп, сабақтарға қатысып отырса, балалардың тәртібі де түзеліп, жауапкершіліктері де артатынын айтты. Ата-аналарды мектепішілік іс-шараларға тарту жұмысы жүргізіліп жатқанын, сондықтан ата-аналардың  да белсенділік танытып, ұйымдастырылып жатқан жұмыстарға қатысуы керектігін түсіндірді.

    Келесі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Б.Джолдасова оқушылардың тәртібі мен мектеп формасына тоқталып өтті. Оқушылардың мектеп ережесіне сай киініп, тәртіп пен тазалықты сақтап жүруіне бәрі атсалысуы   керек екенін, әсіресе, бала тәрбиесінде ата – аналардың жауапкершілігі зор екенін айтып өтті. Ата-аналарға сабаққа оқушылар телефон алып келмеу, кешкі уақытта балалары қастарында үйде болуы, сынып жетекшілер есеп сұрағанда баламыз үйде деп жалған мәлімет бермеуін ескертті.

      Құқық тәрбие менеджері Д.З.Үмбетбеков сөз алып, мектептегі тәртіптің жолға қойылғаны туралы, алайда сабаққа кешігіп келу фактісі әлі де бар екенін айтты. Осы мәселеде де  ата-аналар тарапынан үйде  бақылау керектігіне тоқталды.

Соңғы мәселе бойынша мектеп директоры З.М.Жалтанбаева оқушылардың ыстық  тамақпен, әлеуметтік көмекпен қамтылуы жайлы, ата- аналардың осы көмекке байланысты құжаттарын өз уақытында жинап, мемлекеттен алатын көмекті дұрыс пайдалану керектігін ескертті. Әлеуметтік педагог құжаттар жинаған кезде ата-аналар жауапкершілікпен қарап, құжаттырын уақытында өткізуін талап етті.


Сөйлегендер: 

Р. Зламдинова:  Бүгінгі жиналыста қаралған мәселелердің бәрін қолдаймын. Мереке күндері балаларымыздың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікті аламыз. Шырша мерекесін ұйымдастырғаны дұрыс деп ойлаймын,өйткені ауылдық жерлерде балалардың барып демалатын жерлері жоқтың қасы. Ал мұндай іс-шаралар балаларды ұйымшылдыққа, көпшілік арасында өзін ұстауға үйретеді деп ойлаймын.

      Қ. Ахмоллаева:  Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан ата – аналар балаларымыздың   біліміне, тәртібіне, тазалығына көңіл бөліп, олардың   сабаққа кешікпеуін қадағалауымыз керек. Балалардың болашағы өз қолымызда екенін естен шығармайық!


Қаулы етті:

1.Мереке күндері оқушылардың өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігі ата-аналарына жүктелсін.

 2.Түрлі әлеуметтік желілерге жалған, анық емес ақпараттарды таратпау бойынша

  айтылған ескертулер назарда ұсталсын.

 3.Ата-аналардың  сабақтарға, мектепішілік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету

   сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінен сұралсын.

  4.Оқушылардың сабаққа кешікпеуін, мектеп формасымен келуін бақылауда ұстау

   ата-аналарына жүктелсін.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар                Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                  Ә.А.Сарыбаева