№ 1 Хаттамасы (көшірме) » Босақов орта мектебі
Жетісу облысы
панфилов ауданы білім бөлімінің
"Босақов орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2022

№ 1 Хаттамасы (көшірме)

«Ж.Бусаков  атындағы   орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  өткізілген ата-аналар комитетінің жиналысының


№ 1 Хаттамасы (көшірме)

Қатысқаны: Шолақай ауылдық округ әкімі, қамқоршылық кеңес төрайымы, АІІБ- нің қызметкері, мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, барлық сыныптың ата-аналары. 


Күн тәртібінде:

1.Жаңа оқу жылына арналған жалпы ата-аналар жиналысының жылдық жоспарын бекіту.

2. Жалпы ата-аналар төрайымымен комитетінің мүшелерінін құру,  жұмыс жоспарын бекіту. 

3. «Қазіргі таңдағы жасөспірімнің тәрбиесі»  және   бала құқықтары мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары. 

 \Мектеп психологы Санакова Мадина Бағдарқызы\

4.  Әлеуметтік мәртебесі бар балаларға арналған көмек түрлері.   

\Әлеуметтік педагог Абдуллаева Аида Турсунжанқызы\

5. «Келім шарт»   мектеп пен ата-ана арасындағы келім шартпен таныстыру.  \Құқықтық тәрбеи менеджері Умбетбеков Досымжан Зияшұлы\

6. Түрлі мәселелер


Тыңдалды: 

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Л.Джолдасова жаңа оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, бекітілді. Жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы мен комитет мүшелерін жиналыс барысында дауысқа сала отырып бекітті.

Жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы болып Бакиева Ғания Мирзахметқызы,

комитет мүшелері Жекелей Салима, Асанова Зумрат, Қалдыбаева Зарина, Ахмуллаева Калбинур сайланды.

Мектеп психологі М.Бағдатқызы заман ағымының үздіксіз дамуымен бірге адамдардың мінез-құлқы да күн сайын өзгергендігіне және таңдауы да, талғамы да бөлек жастардың тәрбиесі қандай болатынын тілге тиек етті. «Әке көрген оқ жанар, шеше  көрген тон пішер» деп дана халқымыз кезінде айтқан, қазіргі таңда көп жастарымыз бала тәрбиесіне емес, жұмысқа көп көңіл бөлуде, осының салдарынан жасөспірімдердің бұзақылық әрекеттерге баруы немесе ерте кезінен ана атануы,қараусыз қалуы,барлық іштегі сырының айтылмай «жалғыз» қалуынан депрессияға ұшырап, өзіне қол жұмсауы тізе берсек, жалғаса беретін ұзақ тізбек. Бұл мәселенің шешімі бар екендігіне тоқталды. Мысалы бір түйінді шешудің екі түрлі жолы бар: бірі-қайшымен қию екеншісі - сол түйінді қалай болса да қолмен шешіп алу. Бірі оңай, бірі- қиынырақ. Көбіне жастарымыз ең оңай жолын таңдап жас өмірге балта шабуда. Бұдан шығатын қорытынды: Баланы о бастан дұрыс бағытта тәрбиелеу керек. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін кішкентайынант ұрыс арқылы емес, саналы түрде жеткізе білсе, бала соны сол қалпында қабылдайтынын айтып өтті. Сондықтан балаға ашулы түрде ұрыспен жеткізген сөз ол ережені бұзса, депрессияға шалдығып,қателігін мойындауға қорқа бастайды. Бәрі  осылай түйінделе-түйінделе үлкен шешілмес мәселеге айналады, сондықтан ата-ана балаға үнемі психологиялық қолдау көрсетуі қажет, кез – келген қауіптің алдын-алу үшін ерекше көңіл бөлу қажет. Жасөспірім бала - жаңа өсіп келе жатқан бұтақ. Оны қалай баптасаң солай өседі, сондай жеміс береді. Сондықтан ата-ана жасаған әрбір жасаған қимылыңыз - сіздің берген  тәрбиеңіз екенін ұмытпаңыз. Бала-ата-анасының айнасы. Ата-ана қалай тәрбиелеп қалай бағыттайды, бала солай қарай ұшады. Сондықтан бала тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлуіміз қажет екендігіне тоқталып өтті. Сөзді қорытындылай келе «Сенім жәшігі және сенім телефоны» туралы ата-аналарға түсінік беріп сөзін аяқтады.

Сөйлегендер: Қалдыбаева Зарина психолог маманның айтқан кеңестерін қолдай отырып, ата-аналардың балаларымен жиі әңгімелесіп, олармен дос ретінде сырласып отырса бала өтпелі кезеңнен қиындықсыз өтетінін, әсіресе қыз балалардың физиологиялық дамуында өзгерістер болғанда олар тұйықталып, ішкі сырын ешкіммен бөлісе алмай депрецияға ұшырап жатады. Сондықтан да мектептегі «Сенім» жәшігіне ата-анасына айта алмаған сырын психологпен бөліссе, маман оған дұрыс бағыт беріп, баланың өзін-өзі бағалауына, болашағына бағыт-бағдар беріп қолдау көрсететінін айтып өтті.


Келесі мәселе бойынша әлеуметтік педагог мәртебесі бар білім алушыларға берілетін көмек түрлері туралы түсінік жұмыстарын беріп өтті.

           Жыл сайын Жалпыға міндетті білім беру қорынан әлеуметтік жағдайына байланысты оқушыларға киім-кешектер таратылып келеді. Биылғы оқу жылында аудандық білім бөлімі тарапынан Жалпыға міндетті білім беру қорынан көмек  30 білім алушылардың киім өлшемдерін  сұралды.

            Атаулы аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі 30 білім алушының ата-аналарынан киім өлшемдері сұралып, төмендегі кестеге сәйкес  қыз балаларға – 13,  ұл балаларға – 17 мектеп формасына сұраныс берілді. 24 тамыз күні  8 қыздың мектеп формасын алдым, 8 ата-ана өздері тізімдегі балаларымен келіп формаларын алды. Формаларды қамқоршылық кеңес төрайымы Г.Садыкова, ата-аналар комитеті Г.Маткаримова, әлеуметтік педагог А.Абдуллаевамен бірлесіп тараттық. Барлық білім алушыларға ақ жиделері тұра келді, сол мөлшердегі мектеп костюмы кәдімгідей үлкен болып қалды. Ата-аналар түсіністікпен қарап бір-бірлерімен ауыстырып алды. 

            1 тамыз  “Мектепке жол” акциясы  басталды. Мектепке жол акциясының  комиссия құрамы бекітіліп, бұйрығы жасалып, жоспары бекітілді.

 "Мектепке жол" акциясының басталғаны туралы  әлеуметтік желіге хабарландыру жарияланды. Хабарландыру берудегі мақсатымыз: Әлеуметтік қорғалмаған балаларды қорғау мақсатында "Мектепке жол" акциясына ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерді тарту. Биылғы жылы "Мектепке жол—Шекарасыз жақсылық" атты ұранымен өткізіледі. 

Мақсаты: Әлеуметтік қорғалмаған, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.                                 

Осы орайда, 1-онкүндік қарсаңында Шолақай ауылындағы амбулатория азаматтарының демеушілігімен көп балалы, аз қамтылған,   отбасыларынан шыққан 15 білім алушыға оқу құралдарын алып берілді.

Ауылдағы «Айналайын-ай» балабақшасының иесі Көншібаева Турсын Нұрмұхаметқызы көп балалы отбасынан шыққан Құлжабай Аңсар мен жартылай жетім отбасы Мухаметжанова Мархабаны түгелдей мектеп формасы, спорттық киімі мен аяқ киімін, мектеп сумкасымен бірге оқу құралдарын алып берді.

Талды округ әкімі Қуанышбай мырза көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушы Құлжабай Аңсарды мектеп костьюмы, аяқ киімі мен қамтыды.

2-онкүндік қарсаңында «Балауса» пән бірлестік мұғалімдері көп балалы отбасыларынан шыққан Нұрбай Сұңғатпен Алимов Нурфатқа мектеп формасы жағынан көмек берді.

«Словесник» пән бірлестігі аз қамтылған отбасынан шыққан Ирданов Руфатқа мектеп формасы, «Қаламгер» пән бірлестігі Аширова Гульназды мектеп формасымен қамтыды .

3-онкүндік барысында келесі ерікті демеушілер «Атамұра» пән бірлестігі аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 8А-сынып білім алушысы Бейсен Елнұрды спорттық киім мен қамтыды.

Шолақай ауыл ақсақалдары аз қамтылған отбасынан шыққан Ахмоллаева Мехринисаны спорттық ким, спорттық аяқ киім және оқу құралдарымен қамтыды.  

3-онкүндік бойынша барлығы   21 оқушыға   көмектер көрсетілді.   Мектепке жол акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады, осы уақыт аралығында, әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың мектепке баруына барынша қолдау көрсетіп, қолымыздан келгенше  әлі де демеушілерді тартатынын айтып өтті.

Құқықтық тәрбие менеджері Д.Умбетбеков мектеп пен ата-ана арасындағы келісім шартты таныстырды. Келісім шарт мазмұнында орта білім беру ұйымының міндеттері,  ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің), білім алушылардың міндеттері нақты жазылғанын айтып өтті. Осы келісім шарт негізінде ата-аналарға баласына деген жауапкершілігі, сабақтан тыс уақытта бала өміріне, қауіпсіздігіне және де оқушының білім алуы мен сабаққа кешікпеуі, телефон алып келмеуі, мектеп формасы мен мектепке сай шаш үлгісімен келуі жүктелді. Келісім шарт білім алушы мектеп бітіргенге (немесе 9 сыныптан кейін колледжге түскенге) дейін немесе басқа мектепке ауысқанға дейін шарамды болады. Ата-ана немесе (өзге заңды өкіл) келісім-шартты бұзып, тиісті деңгейде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік  жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.


Сөйлегендер: Шолақай ауылдық округ әкімі А.Арсаламов ауылымызда түрлі келеңсіз оқиғалар орын алуына байланысты, ата-аналарға бала тәрбиесіне мұқият қарауын. Түнгі мезгілде учаскелік инспектор мен ауылдық әкімшілік қызметкерлері, мектеп ұжымымен бірлесе отырып рейдттік шаралар ұйымдастырылады.Түнгі мезгілде балаларды магазинге жібермеуі, бей берекет кешеде жүрмеуі, ойын сауық орталықтарына бармауын ескере кетті. 

Мектепте былтырғы оқу жылында  оқушыларға кәсіптік бағыт – бағдар бойынша әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылғанын, биылғы оқу жылында да осы бағыт бойынша жұмыс жүргізілуін, және де аудандағы зауыттар мен жеке кәсіпкерлер иелерімен, атақты тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруды ұсынды. 


Сөйлегендер: Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Нысанбаев Мақсат Қалибекұлы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет. Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында құықықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермей қоғамның басты міндеті. Бұл мәселе қазіргі таңда  көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Әрбір ата ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Жалпы құқықбұзушылық жасауға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер яғни АПБ- бөлімінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Кейібір ата аналар бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,  мектептен бос уақыттарда немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін алға қойды. Заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00 ден кейін компьютерлік клубтарға отыруға және 23:00 –ден кейін көшеде ата анасының яғни заңды өкілінсіз жүруге тиым салынған. Ювиналдық полиция тобының қызметкерлерімен және мектеп әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау, кәмелетке толмағандардың көп шоғырланатын жерлерді және ойын сауық орталықтарында заңды өкілінсіз жүруге болмайтыны туралы айтып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың  қаңтар-тамыз айларында  түнгі уақытты заңды өкілінсіз яғни ата анасыз түнгі уақытты жүргені үшін ӘҚБтК 442 бабы 2- бөлігі бойынша 405-әкімшілік хатттама толтырылды. Және 442 бабы 1- бөлігі яғни ойын сауық мекемесінде жүргені үшін 21- әкімшілік хаттама толтырылды. Ата ана өз баласына дұырс тәлім тәрбие бермегені үшін 15-әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жасаған қылмыстары бойынша 8жасөспірім 17 қылмыс  жасағаны бойынша АПБ-нің есебіне алынды. Бір жасөспірім кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған аудан аралық соттың үкімімен ҚР-ның қылмыстық кодекісі 188-бабымен кінәлі деп танылып,   1-жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғанын айтып, түсінік жұмыстарын жүргізді.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орыбасары Л.Джолдасова былтырғы тәрбие саласы бойынша  кеткен олқылықтардың орнын толтыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жобаларын жүргіземіз. Жобаның мақсаты ата –ана, оқушы, мұғалім арасындағы үштіктің жұмысын жандандыру болып табылатынын және де бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Ата-аналарға балаларын сабаққа уақытында жіберуін, себепсіз сабақтастамауын, мектеп талабына сай формамен шаш үлгісімен келуін және де сабаққа телефон алып келмеуін ескетті.



Қаулы етті:

  1. Жаңа оқу жылына арналған жалпы ата-аналар жиналысының жұмыс жоспары бекітілді.
  2. Жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы болып Бакиева Ғания, мүшелері Жекелей Салима, Асанова Зумрат, Қалдыбаева Зарина, Ахмуллаева Калбинур сайланды.
  3. «Сенім жәшігі» әр жұма  айын ашылып, хаттарын талдау мектеп психолотарынан сұралсын.
  4. Әлеуметтік мәртебесі бар білім алушылдарға берілітін көмекті жалғастыру, есебін жалпы жиналысында беріп отыру әлеуметтік педагогтан талап етілсін.
  5. Мектеп пен ата-ана арасындағы келісім шарт таныстырылып, балалардың өмір қауіпсіздігі жауапкершілігі ата-аналарға жүктелсін.
  6. Сабақ барысында оқушылардың мектеп формасымен келуі, сабақтан себепсіз қалмауы, телефон алып келмеуі ата-аналардан сұралсын.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


   Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар             Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                 А.Молдахметова










8.09.2022ж