№ 5 Хаттамасы (көшірме) » Босақов орта мектебі
Жетісу облысы
панфилов ауданы білім бөлімінің
"Босақов орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2023

№ 5 Хаттамасы (көшірме)

     «Ж.Бусаков  атындағы  орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының


№ 5 Хаттамасы (көшірме)


Қатысқаны: Мектеп директоры, құқықтық тәрбие менеджері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, мектеп мейірбикесі, қамқоршылық кеңестің төрайымы, ата-аналар комететі мүшелері.


 Өткізілген күні  17.01.2023ж

 Қатысқандар: 100 

Күн тәртібінде:

1.ІІ тоқсан қорытындысы  \Г.Нурғожаева\

2. «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбеисі» \М.Санакова\

3.«Зиянды заттан аулақ болу» (дәрігерлік кеңес) \А.Булатбекова\

4. «Заң бұзушылық неге әкеліп соғады?» құқық бұзушылықтың алдын алу \Д.Умбетбеков\

5. «Қамқорлық» акциясы \А.Абдуллаева\

6. Түрлі мәселелер 


Тыңдалды:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Джолдасова жиналыста қаралатын мәселелермен  таныстырып, залдың психологиялық ахуалын реттеу мақсатында сөз кезегін мектеп психологі Мадина Бағдатқызына берді. 

Мектеп психологі М.Бағдатқызы жиналысқа келген ата-аналарға  ұйымдастыру жаттығулары мен «Стикермен» жаттығуын жасатып, ата-аналарға жақсы көңіл-күй сыйлады. 

Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурғожаева ІІ тоқсан қорытындысы бойынша есеп берді. Мектептің жалпы білім сапасы 63%. 1-4 сыныптар арасында төменгі білім сапасын көрсеткен 2 б,в-61%, 4б- 61%, 4ә- 58,8% . 5-9 сыныптар арасында 5ә – 60%, 5а- 58%, 6а- 58%,   7б- 60%, 8б- 55%, 9ә- 61,1%, 9б-60%; 1-11 сыныптар арасында төменгі білім сапасын көрсекен сыныптар жоқ. Жоғарғы білім сапасын көрсеткен 1-4 сыныптар арасында 2а-64,7%, 3ә- 66%, 3в-65%, 4в- 65%; 5-9 сыныптар 5в-64,7%,  5б- 64%, 6б-65%, 7а-65%, 8а-66%, 8в-64%; 10-11 сыныптар 10а- 72,7%, 10ә, 11б-69%, 11а, 11ә-66%, 10б-64% көрсеткішпен аяқтадық. Жалпы оқушы саны- 780.  

Екінші мәселе бойынша мектеп психологы М.Санакова  «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбеисі» тақырыбында баяндама оқыды. Қыз баланың ары мен абыройы, бүкіл елдің абыройы мен ары. «Қызға қырық жерден тыйым, қырық үйден қарауыл» деп қыздың таза пәк күйінде бойжетіп, жаман аттан аулақ болуына мән берген. Әрбір қыз балаға ата-анасын туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан,нәзік ару шығары сөзсіз.

Қыз тәрбиесіне әлеуметтік желінің әсері туралы айтар болсақ, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан. Ол ол ма, тіпті осы әлеуметтік желі арқылы танысып, отбасын құрып жатқандар немесе осы әлеуметтік желінің кесірінен шаңырағы шайқалып жатқандар да бар. Психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ғаламтор, ұялы телефон, желі байланыстарының әсері өте үлкен. Балалар кішкентайынан дамыту, сергу ойыншықтарына емес, ата-анасының ұялы телефонына, айпадына ұмтылуда. Алғашында ол балаға жай бір жарық беретін, жылжитын, не сурет көрсететін зат сияқты қабылданса, кейіннен қызығушылығы тек бір сол темірге ғана байланады. Бұл баланың дүниетанымының дамуына, қоршаған ортаны сезіп білуіне, иіскеп тануына, айналадағы құбылыстарды сезнуіне кедергі жасайтынын айтып өтті.

Келесі мәселе бойынша  мектеп мейірбикесі А.Булатбекова «Зиянды заттан аулақ болу» тақырыбында ата-аналарға кеңсе беріп өтті. Зиянды заттарға нелер жататын, олардың алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде жастар арасында электронды темекіні қолдану белең алып бара жатқаны, жастардың әуестігі артып отырғанына тоқталды. Балаларды  қадағалап, үнемі бақылауда ұстауын айтып өтті. Балаларды сабаққа жіберген кезде тазалығына көңіл аудару, қыз балалар шаштарын өріп, ұл балалар шаштарын қысқартып, мектеп талабына сай формамен келуін айтты. 


Төртінші мәселе «Заң бұзушылық неге әкеліп соғады?» тақырыбында құқықтық тәрбие менеджері Д.Умбетбеков құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, аудан бойынша бір жыл көлемінде кемелеттік жасқа толмаған 22 жасөспірім жасаған қылмыстарына тоқалды.  Атап айтқанда 1 - автокөлікті заңсыз емдену, 1-тонау, 1- 16 жасқа толмаған жыныстық қарым-қатынасқа түсу, 19- ұрлық  жасалды. Ұрлық жасағандардың 1-уі мектеп оқушысы, 8-і колледж студенті, 3-уі жұмыссыз жасөспірім. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 127 баппен- ата-ана, 442 баппен- 540 хаттама толтырылған. Роддомға 22- қыз бала жүктілікпен тіркелген. Суицид оқиғасы -2 (1 аяқталған). Жылдан жылға жасөспірімдер арасында қылмыс саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан ата-аналар балалардың телефонын үнімі тексеріп, қандай әлеуметтік желілері, қандай сайттарға кіріп жатқандығын біліп отыруы қажет екендігін айта кетті. 


Келесі мәселе бойынша әлеуметтік педагог А.Абдуллаева «Қамқорлық» акциясының жүргізілуі бойынша есеп беріп өтті. 

Шолақай ауылындағы амбулатория азаматтарының демеушілігімен көп балалы, аз қамтылған,   отбасыларынан шыққан 15 білім алушыға оқу құралдары берілді. «Айналайын-ай» балабақшасының иесі Көншібаева Турсын Нұрмұхаметқызы көп балалы отбасынан шыққан Құлжабай Аңсар мен жартылай жетім отбасы Мухаметжанова Мархабаны түгелдей мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім, мектеп сумкасы,  оқу құралдарын алып берді.

Талды ауылдық округ әкімі Қуанышбай мырза көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушы Құлжабай Аңсарға мектеп формасын мен аяқ киімін алып берді. Балауса пән бірлестік мұғалімдері көп балалы отбасыларынан шыққан Нұрбай Сұңғат пен Алимов Нурфатқа мектеп формасы жағынан көмек берді. Словесник пән бірлестігі аз қамтылған отбасынан шыққан Ирданов Руфатты мектеп формасын, Қаламгер пән бірлестігі Аширова Гульназды мектеп формасымен қамтыды. Келесі ерікті демеушілер Атамұра пән бірлестігі аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 8А-сынып білім алушысы Бейсен Елнұрды спорттық киім мен қамтыды.Шолақай ауыл ақсақалдары аз қамтылған отбасынан шыққан Ахмоллаева Мехринисаны спорттық киім, спорттық аяқ киім және оқу құралдарымен қамтыды. Мектепке жол акциясы барысында барлығы  67-білім алушыға мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім, спорттық аяқ киім, оқу құралдарымен көмек көрсетілгені туралы мәлімет беріп өтті.

Сөйлегендер:  Ақшаева Жансая оқушылардың үй тапсырмасын орындауын, күнделікті қадағалап, сабағына уақытында жіберу ата-ананың міндеті және де мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, мұғалімдерің еңбегі зор екенін айта кетті.

Абайдуллаева Аидам ата-аналар жиналысы жақсы көңіл-күймен, түрлі ойын жаттығулары арқылы,   жаңашылдықпен  өткізіліп жатқанына көңілі толып, мектеп әкімшілігіне өз ризашылығын білдірді. Мектепте ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар мен кездесулерде жоғары деңдейде өткізіліп отыратынына тоқталды. 


Қаулы етті:

1.Төменгі білім сапасын көрсеткен сыныптарға ата-аналардың сабаққа қатысуын жандандыру сынып жетекшілерден сұралсын.

2.Отбасында баланың әлеуметтік желілерді пайдалы жағына пайдалануын қадағалау ата-аналарға жүктелсін.

3. Әлеуметтік мәртебесі бар білім алушылдарға берілітін көмекті жалғастыру, есебін жалпы ата-аналар жиналысында беріп отыру әлеуметтік педагогтан талап етілсін.

4.Сабақ барысында оқушылардың мектеп формасымен келуі, сабақтан себепсіз қалмауы, телефон алып келмеуі ата-аналардан сұралсын.




Мектеп директоры               З.М.Жалтанбаева


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар                Л.Б.Джолдасова


        Хатшы                  Ә.А.Сарыбаева